Қазақстан аумағында күн қайта жылынады. “Қазгидромет” синоптиктері 23, 24 және 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды +7.kz.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, республиканың батысы мен оңтүстігінде күндіз найзағай күтіледі. 23 қыркүйекте шығыста, 23–24 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, таулы аймақтарда түнгі уақытта жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі температура біртіндеп 20–28 градусқа дейін жылы болады, шығыста 10–15 градустан 15–25 градусқа дейін көтеріледі.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Қазақстанда қыркүйек Салехард аймақтарынан келген суық ауа массаларының әсерінен қысқа мерзімді суытумен басталады. Оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр және қар аралас жауын-шашын күтіледі. Елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады: жаңбыр, кей жерлерде қатты жауын-шашын, найзағай, бұршақ және екпінді жел. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде алғашқы үсік, түнде және таңертең тұман күтіледі. Республика оңтүстік-батысында ауа температурасының қатты ыстыққа дейін көтерілуі болжанады.








