Мысық тістеп алған қазақстандық әйел көз жұмды

Фото: freepik.com

Қостанай облысында соңғы бес жылдағы адам өліміне әкелген алғаш рет құтырма ауруы тіркелді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат порталы “Наша Газета” басылымына сілтеме жасап.

Мысық тістеп алған Қостанай облысы Қамысты ауданының тұрғыны Лисаков қалалық ауруханасында көз жұмды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, әйел медициналық көмекке тым кеш жүгінген. Оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде жұқтырудың себебі үй мысығының тістеуі болғаны анықталды. Оқиғадан кейін жануар жоғалып кеткен. Жәбірленуші алдын ала егілмеген және дер кезінде дәрігерлерге жүгінбеген.

Мамандардың айтуынша, құтыру – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын және көбінесе өлімге әкелетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Вирус, әдетте, ауру жұқтырған жануардың тістеуі немесе сілекейінің зақымданған теріге түсуі арқылы жұғады.

Сарапшылар инкубациялық кезең тістеу орнына байланысты бірнеше күннен бірнеше айға, кей жағдайларда бір жылға дейін созылуы мүмкін екенін айтады. Марқұм әйелдің жағдайында ауру белгілері бірнеше айдан кейін ғана байқала бастаған.

“Құтырма жұқтырудың 99 пайызында ауру жануарлардың тістеуі салдарынан болады. Мұны үй жануарларын дер кезінде вакцинациялау және адамды тістеген жағдайда шұғыл екпе салу арқылы ғана алдын алуға болады”, – деп хабарлады департамент өкілдері.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда құтырма вирусының негізгі таратушылары — иттер, мысықтар, түлкілер, сондай-ақ кірпілер, борсықтар мен қасқырлар. Сирек жағдайда жұқтыру ірі қара мал, қой, жылқы және кеміргіштерден де болуы мүмкін.

Қостанай облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, соңғы бес жылда өңірде үй, ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлар арасында құтырманың 45 жағдайы тіркелген. 2025 жылдың басынан бері бес расталған жағдай анықталған.

  • Related Posts

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

    Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 65 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды