Қазақстанда Антикор жабылып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына енді, деп хабарлайды +7.kz.
Президент Тоқаев “Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” қаулыға қол қойды.
“Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қайта ұйымдастырылсын”, – делінген қаулыда.
Енді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бір ведомствосы ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылады.
“Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:
1) Қызмет туралы ереженің жобасын;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) берілетін функциялары мен өкілеттіктеріне сәйкес штат санын қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды енгізсін.
7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Агенттік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлық жобасын енгізсін.
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі екі ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдасын.
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін осы Жарлықтан туындайтын заң жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін.
10. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
11. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, делінген қаулыда.








