Қазақстанда самокат тізгіндегендерге қосымша шектеу қойылады, деп хабарлайды +7.kz.
Ішкі істер министрлігі заңнамадағы олқылықтарды түзетіп, барлық тарап үшін түсінікті ереже қалыптастырмақ. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті.
”Бұл жұмысқа ең басынан бастап кірістік. Иә, заңнамадағы олқылықтар тиісті әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, сондықтан осы маусымда депутаттық түзетулер болады. Заңнамадағы олқылықтарды түзетіп, жүргізушілер үшін де, полицейлер үшін де, басқа тарап үшін де түсінікті ереже қалыптастыруға бағытталады. Әзірге нақты айта алмаймын, бірақ мемлекеттік тіркеу болмайды”, — деді Игорь Лепеха.
Самокатшылар жылдамдықты арттырса, тәртіп бұзушылық болып есептеледі.
“Каршеринг компанияларының иелерімен талқылау болғанда, олар саябақта, тротуарда жылдамдықты шектейміз деген. Өкінішке қарай, бұл орындалмады. Сондықтан қазір депутаттармен жұмыс тобы аясында қосымша шара қабылданады. Каршеринг компаниялары талапты ерікті түрде қабылдамаса, шамасы, заң жүзінде шектеуге тура келеді. Бірақ, қалай және қай бағытта болатынын айту әзірге айту қиын”, — дейді ол.
Фото: pixabay.com








