Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 1 наурызда Қазақстан халқының саны 20 532 240 адамды құрады. 2026 жылдың басынан бері қазақстандықтар саны 32 418 адамға артқан.
Халық саны 2 миллионнан асқан өңірлер: Түркістан облысы – 2 146 739 адам (жыл басынан бері өңір халқы 2 466 адамға азайған) және Алматы қаласы – 2 354 736 адам (халық саны 6 633 адамға көбейген).
1 миллионнан астам қазақстандық тұратын өңірлер:
- Астана – 1 655 369 адам;
- Алматы облысы – 1 603 496 адам;
- Шымкент – 1 300 357 адам;
- Жамбыл облысы – 1 214 965 адам;
- Қарағанды облысы – 1 131 613 адам.
Ең аз халық қоныстанған өңірлер:
- Ұлытау облысы – 218 596 адам;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 513 386 адам;
- Абай облысы – 594 766 адам.
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қалаларда 13 120 922 қазақстандық тұрған (35 812 адамға көбейген), ал ауылдарда 7 411 318 адам өмір сүрген (3 394 адамға азайған).
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы да мәлімет жариялаған болатын.








