Көлік министрлігі биыл еліміздегі ақылы жолдардың тарифін көтеру жоспары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
“Қазіргі уақытта жол жүру тарифтері алдын ала төлем және кейінгі төлем кезінде көліктің автоматтандырылған жүйесінде (КАЖ) жеңіл көліктер үшін – 2/2,7 теңге/км, ал жүк көліктеріне жүк көтергіштігі мен жол санатына байланысты 8/9,7 теңге/км-ден 41/48 теңге/км-ге дейінгі мөлшерді құрады, – делінген министрлік жауабында.
1-санаттағы учаскелер бойынша алдын ала төлем және кейінгі төлем кезінде:
– жеңіл автокөліктер – 2/2,7 теңге/км;
– 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 8/9,7 теңге/км;
– 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 16/19 теңге/км;
– 32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 24/29 теңге/км;
– 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 33/39 теңге/км;
– 15 тоннадан жоғары жүк көліктері – 41/48 теңге/км.
2-санаттағы учаскелер бойынша, алдын ала төлем және кейінгі төлем кезінде:
– жеңіл автокөліктер – ақы алынбайды
– 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 6/7,6 теңге/км;
– 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 13/15 теңге/км;
– 32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 19/23 теңге/км;
– 15 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 26/30,6 теңге/км;
– 15 тоннадан жоғары жүк автокөліктері – 32/38 теңге/км.
“Қазіргі уақытта 2026 жылға тарифтерді өзгерту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ”, – дейді министрлік.








