Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылы бензин бағасының күрт өсуіне жол берілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Министр үкімет бағаны бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.
“Қазір мораторий аясында бағаны ұстап тұрмыз. Бірақ келер жылғы бағаға қатысты айта алмаймын… Қазақстанда әлеуметтік салаға қолдау көрсету саясаты жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, отын бағасының күрт өсуіне жол берілмейді. Себебі, бұл сала халықтың өмір сүруіне жағдайына әсер ететінін ескере отырып. Сондықтан бұл мәселені бақылауда ұстаймыз”, — деді Ерлан Ақкенженов.
Айта кетейік, таяуда Үкімет бензин мен тариф бағасына мораторий енгізіліп, ипотека көлемі ұлғайту шешімін жария еткен болатын. Ал биыл 16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізілді.








