Ұлттық құрылтайдың отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте 21 жастағы студенттің өліміне қатысты іс жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының айтуынша, аталған оқиға бойынша Ұлттық құрылтайға 130-дан астам өтініш түскен.
“Шымкентте Нұрай есімді жас қыздың өзге адамның қолынан қаза табуы қоғамды дүр сілкіндірді. Күдіктінің қызды жүйелі түрде аңдып, қоқан-лоқы көрсеткені анықталды. Соның соңы адам өліміне әкеп соқты. Осыған байланысты мен Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекеттеріне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурорға бұл мәселені мұқият тексеру жөнінде тапсырма берілді”, – деді Президент.
11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы студент Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан көз жұмды. Интернетте тараған бейнежазбада қыздың қашуға тырысқаны, кейін қарсылық көрсеткені, ал күдіктінің оны ұрып-соғып, пышақпен бірнеше рет жарақаттағаны көрінеді. Оқиғадан кейін ол қылмыс орнынан бой тасалаған.
13 қаңтарда полиция күдіктіні қаладан 10 шақырым қашықтықта ұстады. Ол марқұмның танысы, 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салсайық, Қызылорда Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтіп жатыр.








