-40 градусқа дейін аяз: Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, өңірдің батысы, солтүстігі мен шығысында қою тұман түседі. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында тұман күшейіп, асуларда жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін артады. Мамандар бұл бағытта жүрген көліктерге аса сақ болуды ескертеді.

Батыс Қазақстан облысында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Кей аумақтарда тұман түсіп, жел 20 м/с-қа дейін күшейеді. Орал қаласында түнгі және таңғы уақытта көріну қашықтығы күрт төмендейді.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел екпіні кей жерде 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Облыс орталығында да жол қозғалысы қиындайды.

Жетісу облысының шығысы мен таулы аймақтарын тұман басып, солтүстік-шығыстан соғатын жел 20 м/с-қа дейін күшейеді. Талдықорған тұрғындарына таңертең сақ жүруге кеңес беріледі.

Ақмола облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман түсіп, жолдар мұзға айналады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Көкшетауда да көлік қозғалысы қиындауы мүмкін.

Атырау облысының солтүстігі мен батысында жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, көктайғақ пен жаяу бұрқасын күтіледі. Қалада тұман жиілейді.

Маңғыстау облысында да ауа райы күрт бұзылып, жаңбыр мен қар аралас жауын, көктайғақ болады. Жел 20 м/с-қа дейін күшейіп, Ақтауда да дауылды жағдай қалыптасады.

Абай облысында түнде қар жауып, тұман түседі. Күндіз жаяу бұрқасын соғады. Семейде аяз күшейіп, түнде -23 градусқа дейін төмендейді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қар жауып, солтүстігі мен шығысында боран мен тұман күтіледі. Өскеменде түнгі температура -20 градусқа дейін төмендейді.

Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын соғып, жел екпіні кей сәттерде 25 м/с-қа жетуі мүмкін. Қалада да қатты жел күтіледі.

Фото: pixabay.com

Related Posts

Orda.kz бас редакторы, журналист Гүлнара Бажкенованың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Әлеуметтік желілерде Алматыда Orda порталының кеңсесінде және бас редакторы Гүлнара Бажкенованың пәтерінде тінту жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Қалалық…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды