Перизат Қайрат өзіне қатысты өтіп жатқан сотта Бауыржан Байбектен жауап алуды талап етті, деп хабарлайды +7.kz.
Ұрлық пен алаяқтық жасады деген айыптағылған «BIZ BIRGEMIZ» қорының басшысы Перизат Қайрат сот барысында Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекті жауапқа шақыруды сұрады.
«Тәртіп қордың құрылтайшысынан басталса деймін. Айыптау актісінің бірінші абзацында мен анаммен бірге қор құрды және қолдарды қолдан жасады деп жазылған. Ал бұл қор Бауыржан Байбектің басшылығымен партия аясында құрылған. Құрылтайшылардың барлығы, мені қоспағанда, бұрынғы немесе қазіргі партия қызметкерлері», – деді Перизат Қайрат сотта.
Айта кетейік, Бауыржан Байбек 2019 жылға дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған. Кейін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеп, 2022 жылдың басында қызметінен кеткен.
Осыған дейін Астанада «Biz Birgemiz» қайырымдылық қорының құрылтайшысы, еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты алдын ала сот отырысы өткенін жазғанбыз.
Коллаж Plus7.kz








