Қазақстан аумағына гипсокартон әкелуге тыйым салынды

Қазақстан аумағына гипсокартон әкелуге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды +7.kz.

Сауда және интеграция министрі тиісті бұйрыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағына гипстен жасалған плиталар, табақтар, панельдер және ұқсас өнімдерді (ЕАЭО ТН ВЭД коды 6809110000), тек қағазбен немесе картонмен қапталған не нығайтылған түрінде импорттауға үш ай мерзімге тыйым салынады.

Бұл тыйым үшінші елдерден, яғни Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін мемлекеттерден жеткізілетін өнімдерге қатысты. Құжат отандық кәсіпорындардың жүктемесін қамтамасыз ету және ішкі нарықты қорғау мақсатында әзірленгені атап өтілген.

Шешім «Сауда қызметін реттеу туралы» және «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңдарға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелеріне сәйкес қабылданған. Тыйым барлық көлік түрлеріне қолданылады.

Бұйрық 2025 жылғы 22 шілдеден бастап күшіне енеді.

Related Posts

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды