Арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысы азаптау ісі бойынша күдіктелуде

Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдіктелуде, деп хабарлайды +7.kz.

Прокуратураның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу органдары қосымша дәлелдер жинап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Олеся Кексель азаптау туралы іс бойынша күдікті деп танылып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды”, – делінген бас прокуратураның хабарламасында.

Қазіргі уақытта ресми органдар тергеу барысы жайлы толық мәлімет таратпай отыр. Олеся Кексельден бөлек, бұл істе кімдердің күдікті ретінде танылғаны, кімдердің жәбірленуші деп танылғаны, іс материалдарында қанша эпизод бар екені белгісіз.

Айта кетейік, 4 шілде күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Талғат Татубаевтың ұсталғаны белгілі болды. Ол да Кексель сияқты “азаптау” бабы бойынша күдікті.

Талғат Татубаевқа қатысты іс Олесия Кексельге қатысты тергеумен байланысты ма – ол әзірге белгісіз. Алайда олардың екеуі де бір уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюрода қызмет еткен.

Бұл істен бөлек, 2019 жылы Бас прокуратураға бір азаматтан арыз түскен. Онда арыз иесі тергеу кезінде оны жауап беруге мәжбүрлегенін айтып, Кексельді де осы іске қатысы бар тұлғалар қатарында атаған. Алайда ол кезде іс жалғасын таппады – ІІМ бұл істі “қылмыс оқиғасының болмауына” байланысты тоқтатқанын мәлімдеген еді.

Олеся Кексель 2018 жылы Бас прокуратура жанындағы арнайы прокурорлар қызметін басқарды. Ол экс-премьер Серік Ахметовке, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевқа, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеуді қадағалаған.

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақстандықтар ЖСН ауыстыруы керек пе?

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты “ЖСН-ді ауыстыру керек пе?” деген сұраққа жауап берді, деп…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды