Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратовқа қатысты іс бойынша сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды +7.kz.
Сот жарыссөзі барысында прокурор Баратовты орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Айыпталушының өз кінәсін мойындады. Сот мұны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Мемлекеттік айыптаушы Баратовтың 7 наурыздан бастап қамауда болған уақытын жаза мерзіміне қосуды сұрады.
Еске салайық, Машрапбек Баратовқа қатысты сот процесі 2025 жылғы 7 сәуірде басталған болатын. Ол кезде көлік прокуратурасының прокуроры істі қысқартылған тәртіпте қарауды сұраған еді, себебі айыпталушы жиналған дәлелдерге қарсы болмаған.
Сот залында жәбірленуші әуежай қызметкері мен айыпталушы сөз сөйлеп, соңғысы контузия алғанын және қолына пышақ алып, кепілге алу әрекетіне не себеп болғанын түсіндіріп берген.
Процесс барысында бұған дейін айыптауларға қарсы болмаған айыпталушы өзін қандай да бір талап қойды деп айыптаған тармақпен келіспейтінін айтып, іс қосымша тергеуге қайтарылған.
2025 жылғы 30 маусымда Баратовқа қатысты қылмыстық іс Алматы қаласындағы Түрксіб аудандық сотына жолданды. Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Баратов кепілге алу, бұзақылық және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру баптары бойынша айыпталған.
Айта кетейік, 7 наурыз күні Алматы әуежайында ер адам қызды кепілге алып, пышақпен қорқытқан.








