Алматыда газ құбыры жарылып, адамдар зардап шекті

Алматыда газ құбыры жарылып, адамдар зардап шекті, деп хабарлайды +7.kz

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Бухар Жырау даңғылының бойында болған. Жарылыс салдарынан көлік аударылып, жол жабыны зақымданған. Көлік жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

“QazaqGaz Aimaq” АҚ хабарлауынша, 16 шілде күні жаңадан салынған орташа қысымды жерасты газ құбырын сынақтан өткізу барысында “СантехКомплектГрупп” ЖШС мердігер ұйымы жұмыс жүргізіп жатқан кезде ауа қоспасының шығуы орын алған. Оқиға салдарынан жол жабыны, ағаш және автокөлік зақымданған.

“Оқиға орнына қаланың барлық тиісті апаттық қызметтері жедел түрде келіп жетті. Қазіргі уақытта учаске тексеріліп, оқиғаның себептері анықталуда. Оқиға болған аумақ қоршауға алынған, халыққа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қаза болғандар жоқ”, – делінген хабарламада.

Фото: QazaqGaz Aimaq

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды