Алматы-2 вокзалында 15 жастағы жасөспірімді тоқ соқты, деп хабарлайды +7.kz.
Ол пойыз вагонының төбесіне өз бетімен шығып кеткен. Салдарынан, тоқ соғып, күйік алған.
“Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем бригадасы келіп жетті. Зардап шеккен жасөспірім тірі, оған медициналық көмек көрсетілді”, – деп хабарлады ұлттық тасымалдаушы “Қазақстан темір жолы” баспасөз қызметі.
Оқиғаға байланысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, компания темір жолдың аса қауіпті аймақ екенін атап өтті.
“Теміржол жолына рұқсатсыз ену, сондай-ақ жылжымалы құрам маңындағы кез келген әрекеттер өмір мен денсаулық үшін ауыр салдарға әкелуі мүмкін”, – деп ескертті ҚТЖ.
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі








