Вьетнамда туристік қайық суға кетіп, 34 адам қаза тапты

Вьетнамның солтүстігіндегі әйгілі Халонг шығанағында туристік қайық суға кетіп, 34 адам қаза тапты, деп хабарлайды +7.kz.

Вьетнам ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сағат 21:30-дағы уақыт бойынша (Астана уақытымен 19:30) құтқару қызметі 34 адамның денесін тапты, 10 адам құтқарылды.

Ресми ақпарат бойынша борт нөмірі QN-7105 круиздік кемесінде 53 адам болған. Олардың 48-і турист болса, 5-і экипаж мүшелері. Найзағай ойнап, күшті жел тұруының салдарынан кеме аударылып қалған.

Қайғылы жағдай туралы хабарды алысымен Куангнинь провинциясының төтенше жағдайлар қызметі жедел түрде іздеу-құтқару жұмыстарына кірісті. Құтқару жұмыстарын нөсер жауын мен күшті жел және қараңғы түн қиындатты.

Куангнинь провинциясы порты билігінің хабарлауынша, суға кеткен кеменің жолаушылары Халонгке отбасыларымен туристік сапармен келген Ханой тұрғындары. Кемеде болған туристердің ең жасы үлкені 53-те, екі кішісі 3 жаста болған.

“Біздің басты міндетіміз – адамдардың өмірін қорғау,” – деп мәлімдеді жергілікті билік өкілдері.

Қазір құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: AFP

Related Posts

Трамп АҚШ НАТО-дан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп елдің НАТО-дан шығу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі The Telegraph басылымына…

Толығырақ

Трамп: АҚШ пен Иран арасында келіссөздер өтті

АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс жаңа дипломатиялық кезеңге өтті. Дональд Трамп соңғы екі күн ішінде Вашингтон мен Тегеран арасында…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды