Egov порталы уақытша жұмысын тоқтатады

2 тамыз күні eGov порталы жұмыс істемейді, деп хабарлайды +7.kz.

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ мемлекеттік қызмет көрсететін сервистердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық тексеріс жүргізеді.

“Техникалық жұмыс 2025 жылғы 2 тамыз сағат 02:00–ден сағат 06:00–ге дейін жүргізіледі. Бұл уақыт пайдаланушылардың ең төмен белсенділігі ескеріле отырып таңдалды, яғни қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді”, — делінген хабарламада.

Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:

– eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы (“Цифрлық құжаттар” сервисін қоса алғанда);
– e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
– Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервисі;
– “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
– Электрондық үкімет арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.

“Осы орайда қажетті операцияны алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыс кезінде қажет болған жағдайда құжаттың түпнұсқасын ұсыну қажет”, — дейді “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ баспасөз қызметі.

Фото: “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды