Шерзат Полаттың ағасының өліміне қатысты тергеу тоқтатылды

Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу тоқтатылды, деп хабарлайды +7.kz.

Бұл туралы Шерзат Полаттың өліміне қатысты істе жәбірленуші тараптың қорғаушысы болған Мейірман Шекеев айтты.

Еске салайық, 2024 жылдың желтоқсан айының басында Нұрқанат Ғайыпбаевтың мәйіті Талғар қаласының шетінен табылған болатын. Қайғылы оқиға жиені Шерзат Полаттың қазасынан бірнеше ай өткен соң болған. Сол төбелесте Нұрқанаттың өзі де бірнеше рет пышақ жарақатын алған.

Алдын ала болжам бойынша, Ғайыпбаев өз-өзіне қол жұмсаған.

“Тергеудің қазіргі кезеңінде қылмыстық сипаттағы белгілер анықталған жоқ”, – деп хабарлаған полиция сол кезде.

Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда жеті айдан кейін істің тоқтағаны белгілі болды.

“Нұрқанаттың ісі тоқтатылған. Алайда біз болашақта істі қайта жандандыру үшін өтінішхат түсіретін боламыз”, – деп жазды ол.

Адвокат мәлімдемесіне байланысты агенттік Алматы облысының полиция департаментіне сауал жолдады.

Фото: Видеодан скрин

 

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 65 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды