Ақмола облысының Қосшы қаласында бес жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды +7.kz.
Қайғылы оқиға 3 тамызда Есіл өзенінде болғаны хабарланды. Баланың денесін туыстары судан алып шыққан. Баланы реанимациялау мүмкін болмады.
“Қосшы полиция басқармасы бұл фактіні сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеді. Сараптама тағайындалды”, – деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.
Полиция департаменті ата-аналарға мұқият болу керектігін еске салды. Баланы судың жанында бірнеше секунд қараусыз қалғанның өзі апатқа әкелуі мүмкін.
Фото: Петропавловск.news








