Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды +7.kz.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,98 теңгеге арзандап, 537,53 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 541,82 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 537,66 теңгеден сатып алынады, 539,86 теңгеден сатылады. Еуро 619,55 – 624,63 теңге, ал рубль 6,62 – 6,74 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 535,25 теңгеден сатып алынады, 541,30 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу – 617,55 теңге, сату – 627,07 теңге;
– рубль: сатып алу 6,61 теңге, сату – 6,71 теңге.
Еске салайық, 4 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,35 теңгеге арзандап, 541,82 теңге болды.
Фото: pixabay.com








