Жұмыссыз қазақстандықтарға мемлекеттен төлем беріледі

Жұмыссыз қазақстандықтар жұмыстан шығып қалу себебіне қарамастан міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем ала алады, деп хабарлайды +7.kz.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры жолдамаларды қарау департаментінің директоры Самал Тоқсанғазина түсіндірді.

“Уақытша жұмыссыз жүрген қазақстандықтар үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем қарастырылған. Оны тағайындау үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу және жұмыссыз ретінде ресми тіркелу қажет. Төлем жұмыстан шығу себебіне қарамастан төленеді және жұмыссыз адамды жұмыс іздеп жүрген кезеңде қолдауға арналған”, – деді Самал Тоқсанғазина.

Оның айтуынша, төлем мөлшері әр адамға жеке есептеледі.

“Жұмысшының кейінгі екі жылдағы кірісіне және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. Төлем мерзімі – 1 айдан 6 айға дейін. Төлемді алуға өтінішті жұмыссыз ретінде тіркелген кезде enbek.kz және egov.kz порталында немесе мансап орталығында және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы беру мүмкіндігі бар. Одан бөлек халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да өтініш бере аласыз. Еске салатын жайт, өтінішті жұмыссыз ретінде тіркелгеннен күннен бастап 12 ай ішінде алуға болады. Сіз үшін қорға төленген әлеуметтік аударымдарды enbek.kz порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы және халыққа қызмет көрсету орталығынан білуге болады”, – дейді ол.

Фото: depositphotos.com

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 65 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды