Алматыда әйелдің өлімінен кейін ағаш бұталары кесіліп жатыр

Алматыда үстіне ағаш бұтағы құлаған әйелдің өлімінен кейін әкімдік мәлімдеме жасады, деп хабарлайды +7.kz.

Қайғылы оқиға Алмалы ауданы Әди Шәріпов көшесі мен Қарасай батыр көшесінің қиылысында болған.

Қала әкімдігінің мәліметінше, оқиға орнына Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Алмалы ауданы прокуратурасы, Экология және қоршаған орта басқармасы, сондай-ақ аталған басқармаға қарасты “Eco Almaty” ЖШС өкілдері барған.

“Тексеру барысында бұтағы сынған ағаштың жасыл түсті және қанағаттанарлық жағдайда екені анықталды. Тек сыртқы көрінісіне қарап бұтақтардың немесе ағаштың құлауы мүмкін екенін анықтау мүмкін емес. Өйткені ол жасыл түсті және қурау белгілері жоқ”, – деп мәлімдеді әкімдіктен.

Қала басшылығы осы маңда 2024 жылы тұрғындардың өтініші бойынша емен ағашы, 2025 жылы тұрғындардың өтініші бойынша Шәріпов және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы терек санитарлық түрде кесілгенін атап өтті.

“Алайда аталған ағаш бойынша биыл өтініштер түспеген және ол жасыл түсті, қурау немесе апатты жағдай белгілері болмағандықтан, кесуге негіз болмаған. Жалпы 2025 жылдың басынан бері Алмалы ауданы аумағында тұрғындардың өтініштері мен жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша 21 мыңнан астам ағашқа санитарлық кесу жүргізілді”, – делінген әкімдік жауабында.

Еске салсақ, Алматыда қыз үстіне ағаш құлап мерт болғанын жазғанбыз.

Фото: almaty.suntimes

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 65 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды