Жетісу облысында ер адамдарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар ер адамарға кәмелетке толмаған қызды зорлауға әрекет жасады деген жалған айып таққан, деп хабарлайды +7.kz.
Бірнеше қыз және олардың сыбайластары құрбандарын әлеуметтік желілерден іздеген. Арада байланыс орнағаннан кейін, ер адамды кездесуге шақырып, үстіңнен арыз жазамыз деп қорқытқан.
Бірінші жағдайда жәбірленуші 350 мың теңге берген. Екінші ер адамнан “жүкті болып қалды” деген сылтаумен қылмыстық топ 2 миллион теңге талап еткен. Үшінші адамнан да сондай сылтаумен 800 мың теңге алған. Тағы бір жәбірленушіден 795 мың теңге бопсалаған.
Оған қоса ер адамдарға “кәмелетке толмағанды зорлауға әрекеті” бойынша арыз жазамыз деп қорқытқан. Қыз ер адаммен жақын қатынасқа түскен, ал үшеуі өзін туыстары ретінде таныстырып, 800 мың теңге талап еткен.
Дәл осындай схема бойынша қылмыскерлер тағы 600 мың, 1,5 миллион және 1 миллион теңге алған. Бір жағдайда олар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, күш қолдану арқылы 500 мың теңге иемденген.
Барлығы 11 ер адамнан ақша бопсалауға қатысы бар 9 күдікті анықталып, барлығы ұсталды.
Фото: depositphotos.com








