Трамп: Аляскадағы келіссөз сәтсіз аяқталуы мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путинмен Аляскада өтетін кездесу сәтсіз аяқталу ықтималдығын 25 пайыз деп бағалады, деп хабарлайды +7.kz.

Бұл туралы Трамп Fox News Radio-сына берген сұхбатында айтты.

Трамптың сөзінше, қазір Путин келісімге келуге дайын, әрі ол бұл келісімді жасайды деп сенеді. Дегенмен, ол кездесудің сәтсіз аяқталу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

“Путин келісімге қол қояды деп ойлаймын. Ол өзіне сенімді және барлығымыз қандай шешім қабылдайтынын бірге көреміз”, – деді Трамп.

Кездесудің мақсаты – болашақта Украина президенті Владимир Зеленскийді де қатыстыратын екінші маңызды саммитке дайындық. Трамптың ойынша, дәл сол екінші кездесуде негізгі келісім жасалмақ. Онда шекаралар, аумақтар және басқа да мәселелер бойынша белгілі бір ымыраға келу қарастырылады.

Келіссөздің болатын жері әлі белгісіз, алайда үшжақты кездесу Аляскада өтуі мүмкін.

Трамп сондай-ақ келісімнің түпкілікті нәтижесі Путин мен Зеленскийге байланысты болатынын, ал өзі олардың орнына келіссөз жүргізбейтінін айтты.

“Кездесудің нәтижесіне байланысты Зеленскийге қоңырау шалып, оны біздің жиналатын жерге шақырамын. Мен оларға келіссөзді өз беттерімен жүргізуге мүмкіндік бермекпін”, – деді.

15 тамыз күні Аляскадағы АҚШ Әуе күштері базасы Элмендорф-Ричардсонда Трамп пен Путин аудармашылардың қатысуымен жеке сөйлеседі деп күтілуде. Кейін делегациялар форматында жалғасады және жұмыс таңғы асы болады. Кездесу соңында екі президент бірлескен баспасөз конференциясын өткізеді.

Ресей делегациясы құрамына Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, президент көмекшісі Юрий Ушаков, Қорғаныс министрі Андрей Белоусов, Қаржы министрі Антон Силуанов және президенттің инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өкілі Кирилл Дмитриев енеді.

Келіссөздердің басты тақырыбы – Украинадағы жағдайды реттеу, оның ішінде 6 тамызда Кремльде АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффпен өткен келіссөз нәтижелерін ескеру. Бұдан бөлек, тараптар бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық ынтымақтастық сияқты кең ауқымды мәселелерді талқылайды. Трамптың келіссөздерді өткізудегі басты мақсаты – оқ атуды тоқтату, “Украинасыз Украина жайлы ештеңе шешілмейді” қағидатын ұстану және АҚШ пен Еуропаның бірлесіп әділ әрі тұрақты бейбітшілік орнағаннан кейін қауіпсіздік кепілдіктерін беруі.

Фото: AP Photo/Эван Вуччи

  • Related Posts

    Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

    Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

    Толығырақ

    Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақстандықтар ЖСН ауыстыруы керек пе?

    Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты “ЖСН-ді ауыстыру керек пе?” деген сұраққа жауап берді, деп…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды