Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде аулада ойнап жүрген баланы тоқ соқты, деп хабарлайды +7.kz.
Қыздың анасының сөзінше, бала қиыршық тастармен ойнап отырып, қолы 220 вольттық бағанының теміріне тиіп кеткен. Арматураға қолы тиген қыз, жерге бірден құлаған. Анасы қызының қолын әрең шығарыпты.
“Қызым жанымда ойнап жүрген. Жерде кішкентай арматураның шеті шығып тұрыпты, соны тас деп ойлап қызым ұстап алған”, – дейді анасы Динара Бимұрзаева.
Бір жасар қыздың анасы әкімдік пен құрылыс салушы Rams Kazakhstan-нан оқиғаның мән-жайын анықтап, шара қолдануды сұрады. Ал полиция тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы ауыр. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты тексеру жүргізуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram








