Шымкентте Арман Сәбитов пен Айдын Кәрімов қала әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды, деп хабарлайды +7.kz.
Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімімен және қала әкімінің өкіміне сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Арман Сәбитов пен Айдын Кәрімов тағайындалды.
Арман Сәбитұлы 1984 жылғы 20 сәуiрде Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында “Азаматаудит” ЖШС аудитордың ассистенті болып бастаған.
2023 жылдың маусым айынан бастап 2025 жылдың 7 тамызына дейін Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі қызметін атқарды.
Айдын Мейрамбекұлы 1988 жылғы 1 қаңтарда Семей қаласында туған.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің “Есеп техникасы, телекоммуникация, информатика және жағдайлық талдау орталығы” желілік техника қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2023 жылғы қыркүйек айынан бастап осы күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.








