Бестеректегі жол апаты: Зардап шеккен қыз комада жатыр

Бестеректегі жол апатынан зардап шеккен қыздың жағдайы аса ауыр, деп хабарлайды +7.kz.

Пациент Семейдегі облыстық орталықта ем қабылдауда. Мамандардың айтуынша, жағдайы әлі де ауыр болғандықтан, Астанаға көшіру мәселесі қарастырылмайды.

“Науқас комада, тыныс алу аппаратымен үйлестіру үшін медикаментозды қолдау көрсетіліп жатыр. Жағдайы аса ауыр, бірақ тұрақты. Динамикада нашарлау жоқ. Астанаға көшіруді жоспарламаймыз. Телемедицина арқылы Астанамен үнемі байланыстамыз”, деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков.

19 тамыз күні Бестерек ауылында Toyota көлігіалты баланы қағып кетті. Екі бала оқиға орнында қаза тауып, біреуі медициналық мекемеге барар жолда көз жұмған. Тағы үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Олардың екеуі санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілді. Ал тоғыз жасар қыз Абай облыстық аудандық ауруханасында жансақтау бөлімінде аса ауыр хәлде қалған.

Үржар аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, 55 жастағы жүргізуші оқиғадан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сараптама оның апат кезінде мас болмағанын көрсетті. 

Артынша апатқа қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Белгілі болғандай, апатқа себепкер жүргізушінің көлік басқаруға тыйым салатын диагнозы болған.

“Медициналық құжаттарға сәйкес, жүргізуші 2013 жылдан бері эпилепсия диагнозымен невропатологтың диспансерлік есебінде тұр. Соған қарамастан, 2020 жылы оған “B, B1, C, C1, D, D1, BE, C1E, CE, D1E, DE” санатындағы көлік құралдарын басқаруға құқық беретін жүргізуші куәлігі берілген”, деп хабарлады Абай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сотта белгілі болғандай, 2025 жылдың сәуірінде Үржар аудандық прокуратурасы психиатрда, наркологта немесе невропатологта есепте тұрған, көлік басқаруға тыйым салынған диагнозы бар 62 адамның жүргізуші куәлігі бар екенін анықтаған. Прокуратура оларды жүргізуші құқығынан айыруды талап еткен.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Related Posts

Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

Толығырақ

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 65 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды