Алматы әуежайында ер адамның өзін өртеу себебі айтылды

Алматы әуежайында ер адамның  өзін не себепті өртемек болған белгілі болды, деп хабарлайды +7.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, бұған ер адамның азаматтық жұбайымен арадағы жеке жанжалы себеп болған.

“Барлық мән-жай тергеу барысында анықталады”, – деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Желіде Алматы әуежайында болған оқиғаның басқа да видеолары тарады. Видеода оқиғаның “Nur Ai & Co” турагенттігінің әйуежайдағы кеңсесінде болғанын көруге болады. Желіде тараған кадрларда ер адамның әуежай кассасында телефонмен сөйлесіп, бір мезгілде полицейлермен сөзге келіп тұрғаны көрінеді. Кейін ол үстіне жанармай құйып, бөлмеден әйелді шығарып жібереді де, есік алдында тұрған құқық қорғаушылармен сөзге келе бастайды. Артынша өзін жағып жіберген. 

“Ол кіріп, телефон сұрап, біреуге қоңырау шала бастады. Әңгімесінде рейске үлгермегенін айтты ма, белгісіз. Содан кейін үстіне бензин құйды. Біздің агент одан шығуды өтінді, ол оны шығарып жіберді де, кейін өзін өртеп жіберді. Біздің қызметкеріміз, батыл Ксения, абыржымастан, өте дұрыс әрі жылдам әрекет етті”, деп жазды Facebook-та “Nur Ai & Co” тур агенттігінің директоры Гүлмира Садвакасова.

Еске салсақ, 25 тамыз күні Алматы әуежайында ер адам өзін өртемек болған.

Related Posts

Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

Толығырақ

Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 65 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 130 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 62 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды