Қазақстан азаматтығын алуға қойылатын талаптар өзгерді

Қазақстан азаматтығын алуға үмітті адамдар мемлекеттік тіл (қазақ тілі), Қазақстан тарихы және Конституцияны білу деңгейі бойынша емтихан тапсырады, деп хабарлайды +7.kz.

“Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы” заңға сәйкес, азаматтыққа қабылдау немесе азаматтықты қалпына келтіру туралы өтініш мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасының Конституциясы негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын уәкілетті орган айқындайтын көлемде білуі негізінде қабылданады”, — делінген құжатта.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығын алғысы келетін азаматтарға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізді:

— мемлекеттік тілді (қазақ тілі) қарапайым деңгейде білу — кемінде 15 балл (бұрын 36 балл болатын);

— Қазақстан Республикасының Конституциясы негіздерін білу — кемінде 20 балл (бұрын 9 балл болатын);

— Қазақстан тарихын білу — кемінде 15 балл (өзгеріссіз).

Бұйрық 2025 жылғы 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Жаңартылған талаптармен толығырақ сілтемеге өтіп танысуға болады.

Еске сала кетсек, Қазақстан азаматтығын алуды жеңілдететін құжат жобасы талқылауға биыл шілде де шығарылған еді.

Фото: gov4c.kz

  • Related Posts

    Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

    Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

    Толығырақ

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды