Блогер Ерболат Жанабыловтың ісі сотқа жетті

Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова ұйымдастырған конкурсқа байланысты іс сотқа жетті. Бұл істі Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарайды, деп хабарлайды +7.kz.

Туризм және спорт министрлігінің құмар ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Жанабыловтар өткізген ұтысқа шағым түскеннен кейін тексеріс бастаған. Анықталғандай, Ерболат Жанабыловқа тиесілі парақшада күн сайын ақша, автокөлік және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылған. Бұл әрекеттер лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзу белгілеріне жатады.

Осыған байланысты 26 тамызда Жанабыловқа ӘҚБтК-нің 445-1-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Оның адвокатының өтініші негізінде іс қарау үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі сотына жолданды“, деп мәлімдеді министрлік.

Комитеттің айтуынша, қазіргі таңда Жанабылованың жұбайы  Эльмира Толегенованың әрекеттері де тексеріліп жатыр, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.

Бұған дейін блогерлер Instagram-да 11 автокөлікті ойнататынын жариялаған. Бастапқыда шарты жай ғана репост жасау болған. Артынша ұтысқа қатысу үшін 30 мың теңге тұратын Zhana Business атты ақылы курс алу керек екендігі айтылған. Байқауға тек осы курсты сатып алғандар ғана қатыса алатыны белгілі болды.

Бұл жағдай жазылушылардың наразылығын тудырды. Олар құқық қорғау органдарынан схеманың заңдылығын тексеруді сұрады. Қаржы мониторингі агенттігі бұл материалдарды басқа мемлекеттік органдарға тексеру үшін жолдады.

  • Related Posts

    Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

    Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

    Толығырақ

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 65 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды