Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі қызметкер қаза тапты

Шымкент мұнай өңдеу зауытының аумағында екі қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды +7.kz.

Бұған дейін желіде 26 тамызда Шымкент МӨЗ аумағында қайғылы жағдай орын алғаны туралы ақпарат тараған еді. Хабарламада автовышканың аударылып қалуы салдарынан мердігер ұйымның екі оқшаулаушысы көз жұмғаны айтылған.

“ПетроҚазақстан Ойл Продактс” ЖШС баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

“26 тамыз күні сағат 14:30-да оқшаулау жұмыстарын орындау барысында автовышка аударылып, екі адамның қаза болуына әкелді. Жұмысты мердігер ұйым – “КРС Астана” ЖШС атқарған. Қаза болғандар “КРС Астана” ЖШС-нің оқшаулаушылары. Бұл жағдайдың себебін арнайы құрылған жұмыс тобы анықтап жатыр. Зауыт қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда”, – делінген хабарламада.

Компания басшылығы қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында Степногорск ЖЭО-да төтенше жағдай болған еді. Төрт адам зардап шегіп, олардың біреуі қаза тапқан.

Фото: kmg.kz

  • Related Posts

    Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

    Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

    Толығырақ

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 65 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды