Синоптиктердің мәліметінше, алдағы мерекелік демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде салқын ауа райы күтіледі, деп хабарлайды +7.kz.
Бұл Батыс антициклонының ығысуымен байланысты. Қазақстанның солтүстігі мен шығысында күндізгі температура 12-17 градусқа дейін төмендейді. Қазір аптап ыстық ауа райы сақталған оңтүстікте ау температурасы 23-28 градусқа дейін төмендейді деп болжануда.
Тек Қазақстанның батысы Иран аймақтарынан келетін жылы ауа массасының ықпалында болады. Мұнда ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Синоптиктердің айтуынша, қатты ыстық болып, ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі.
Фото: depositphotos.com








