Бірнеше рет айналған: Air Astana ұшағы Ақтау әуежайына шұғыл қонды

31 тамызда Air Astana компаниясының Алматы – Ақтау бағыты бойынша ұшып бара жатқан ұшағы техникалық ақауға байланысты шұғыл жағдайда қонды, деп хабарлайды +7.kz порталы “Лада” басылымына сілтеме жасап.

Жолаушылардың айтуынша, ұшақ көтеріле бастағанда салонда түсініксіз дыбыстар естілген. Биіктікке шыққаннан жарты сағат өткен соң ұшақ кенет төмен қарай ұшқан.

FlightRadar24 сервисінде ұшақтың Ақтау әуежайының үстінде бірнеше рет айналып ұшқаны көрінеді.

Ақшұқур және Сайын Шапағатов ауылдарының тұрғындарының айтуынша, оқиға орнына жедел жәрдем және өрт сөндіру көліктері келген.

“Адамдар дұға етті, әйелдер жылады, стюардессалар өздері де үрейде болды, олардың бетінде қорқыныш бар еді. Бір сәтте дауыстық байланыс арқылы шұғыл түрде қонатынымыз туралы хабарланды. Стюардессаның дауысы дірілдеп, қорқып тұрды”, – деп ZTBбасылымы бір жолаушының сөзін.

Әуе компаниясы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

“Экипаж техникалық ақау туралы хабарлады және нұсқаулыққа сәйкес қонуға басымдық беруді сұрады. Сол кезде ұшақ қауіпсіз биіктікке төмендеді және Ақтау әуежайында сәтті қонды”, – деп хабарлады ZTB авиакомпанияның баспасөз қызметі.

Қазір әуе кемесін мамандар тексеріп жатыр. Кері бағыттағы КС 860 Ақтау – Алматы рейсінің жолаушылары басқа ұшақпен жөнелтілді.

  • Related Posts

    Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

    Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

    Толығырақ

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 65 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды