Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз қызын зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысында педофил әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Осы жылдың сәуір айында Қордай ауылында сотталушы мас күйінде 2019 жылы туған қызын қорлап, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған.
“Оған ҚР Қылмыстық кодексі 121-бабының 4-бөлігі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды қарастыратын айып тағылған. Мемлекеттік айыптаушы нақты осы жазаны қолдануды сұрады”, – делінген хабарламада.
Сотталушы өз кінәсін мойындады, бірақ отбасы оны кешірмеді. Зардап шеккен тарап заң бойынша жазалауды талап етті.
Жеңілдететін мән-жайларға қарамастан, сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұдан басқа, сотталған азаматқа 5 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өтеу міндеттелді.
Фото: depositphotos.com








