Блогер Жанабыловтардың ісі: Спорт министрлігі жарнамаланған курсты сатып алған

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты іс қаралып жатыр, деп хабарлайды +7.kz.

Сот барысында туризм және спорт министрлігінің ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің өкілдері сөз алды. Істі судья Малика Ноғайбекова қарап жатыр.

Сотта айтылғандай, 2025 жылғы 21 тамызда комитетке азамат Советбековтен өтініш түскен. Ал 22 тамызда қаржы мониторингі агенттігінен Жанабыловтар отбасының Instagram аккаунты арқылы заңсыз лотерея қызметін ұйымдастыру мүмкіндігі туралы хабарлама келіп түскен.

Комитеттің мәліметінше, блогерлердің парақшасынан белгілі болғандай ақша, он автомобиль және өзге де құнды сыйлықтар ұтыстары жүйелі түрде өткізіліп, жеңімпаздарға төлем жасалған. Ал заң бойынша лотерея операторы емес тұлғаларға лотерея өткізуге тыйым салынады.

Сондай-ақ Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің өкілдері блогерлер ұсынған курс сатуды бақылау барысында олардың мәлімдемесі жарияланған жарнама мазмұнына сай еместігі анықталғанын хабарлады. Ведомство дерегіне сәйкес, аталған курс формалды сипатқа ие, практикалық құндылығы жоқ, ал олардың 30 мың теңгелік бағасы негізсіз қымбат деп танылды.

Судья комитеттің блогерлер конкурсын қандай тәсілмен зерттегенін, заң бұзушылық бар-жоғын қалай анықтағанын сұрады. Туризм және спорт министрлігінің Лотерея және ойын бизнесін реттеу комитетінің өкілі жауап берді.

“Біз жан-жақты зерттеу үшін бақылау мақсатында сатып алдық – бұл курсты өзіміз сатып алдық. Курстарда, қателеспесем, тоғыз бейнеролик берілген. Онда Қытайдан тауар сатып алу үшін маркетплейстерді қолдану тәсілдері мен дағдылары туралы айтылады. Курстар формалды. Мұндай бейнероликтер ашық қолжетімді, кез келген сайттан табуға болады. Біз бұл курстардың ешқандай сапалық құндылығы жоқ деп санаймыз. Бағасы 30 мың теңге болуы әділ емес, бірнеше есе қымбат”, – деп атап өтті өкіл.

Фото: Informburo.kz

 

  • Related Posts

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

    Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 65 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды