Марат Әшім президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды +7.kz.

“Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Марат Әшім – 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде халықаралық құқық мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, 2010 жылы экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алды.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтында магистратураны тәмамдады.

2008–2009 жылдары жеке компанияда заңгер болып жұмыс істеді.

2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік және бақылау департаментінің кадрлар басқармасында атташе қызметін атқарды.

2010–2012 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хаттамалық қызметінде үшінші хатшы болды.

2012–2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Хаттама бөлімінде референт, сарапшы, кеңесші, инспектор қызметтерін атқарды.

2017–2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Хаттама бөлімінің сектор меңгерушісі болды.

2018 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Хаттамасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2023 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Хаттамалық қызметінің бастығы болып тағайындалды.

Дипломатиялық дәрежесі – Екінші дәрежелі Төтенше және Өкілетті Уәкіл.
“Құрмет” орденімен, “Ерен еңбегі үшін” медалімен және өзге де мерейтойлық медальдармен наградталған.

  • Related Posts

    Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

    Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

    Толығырақ

    Жеке деректердің тарап кетуі: Қазақстандықтар ЖСН ауыстыруы керек пе?

    Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуіне байланысты “ЖСН-ді ауыстыру керек пе?” деген сұраққа жауап берді, деп…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 65 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды