Түркістан облысында әкесін ұрған ер адам мешіттің азаншысы болмаған – Өңірдің бас имамы

Түркістан облысында әкесін ұрған ер адам мешіттің азаншысы болмаған, деп хабарлайды +7.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген, жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы, Шардара ауданында әкесін ұрған азаматтың “мешіттің азаншысы” екені жөнінде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жағдайға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы және Түркістан-Ахмет Яссауи мешітінің бас имамы Ержан Төлепов ресми түсініктеме берді.

“Аталған азамат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты дін қызметкері емес. Ол мешітте ешқашан азан айтып, ресми діни қызмет атқармаған. Дін саласына қатысы жоқ, негізгі кәсібі — мәдениет саласы, қосымша той жүргізушісі (тамада) болған”, — деді бас имам.

Сонымен қатар, ҚМДБ мұндай әрекеттерді қатаң айыптайтынын жеткізді.

“Ата-анаға құрмет — әрбір мұсылманның басты міндеті. Сондықтан қоғамды, әсіресе БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген, жалған ақпарат таратпауға шақырамыз”, — делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында әкесін ұрып, қорлық көрсеткен тұрғын қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

  • Related Posts

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

    Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 65 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды