Қазақстандықтардың Google деректері тарап кеткен

Бас прокуратура Google деректерінің тарап кетуіне байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды +7.kz.

Шабуыл әлеуметтік инженерия арқылы жүзеге асқан. Алаяқтар Google қызметкерін алдап, IT-жабдыққа қол жеткізуге мәжбүрлеген және Salesforce Data Loader қосымшасын заңсыз пайдаланған. Бұл туралы Бас Прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қатерлерді болжау орталығы мен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті әлемдік интернет кеңістігін бақылау барысында Google деректер базасын бұзу фактісініңанықталғанын және бұл жағдай Gmail қолданушыларының деректерінің ағуымен байланысты екенін хабарлады.

“Ұйымдастырушы ShinyHunters хакерлік тобы 2,5 миллиардқа дейінгі акаунтқа қатысты байланыс дерек көздеріне қол жеткізген, бірақ паролдардың өздері тікелей ұрланбаған. Бұл деректерді қолдана отырып, қылмыскерлер Google атынан қоңырау шалып, жалған хабарламалар таратып, қолданушылардан Gmail паролін қалпына келтіруді талап еткен. Осылайша олар кодтар мен құпиясөздерді немесе аккаунттарға қолжетімділікті иемденген”, — делінген хабарламада.

Қауіпсіздік үшін:

1. Құпиясөзді бірден ауыстыру, әсіресе қарапайым немесе қайталанатындарын.

2. Екі факторлы аутентификацияны қосу немесе заманауи қорғау тәсілдерін (биометрия, PIN) пайдалану.

3. Google атынан деп келетін қоңыраулар мен хаттарға сенбеу — он шақты жағдайдың тоғызында бұл алаяқтық болып шығады.

4. Қолданбалар мен қосылымдарды бақылап, артық рұқсаттарды шектеу шаралары ұсынылды.

“Бұл оқиға тіпті жартылай жарияланған деректердің өзі кең ауқымды алаяқтық сызбалардың негізіне айнала алатынын көрсетеді. Сондықтан қолданушылар мен ұйымдар қауіпсіздік шараларын дер кезінде қабылдап, аккаунттарын үнемі тексеріп тұруы қажет, бұл деректердің ұрлануын немесе қаскүнемдердің қолына түсуін болдырмауға мүмкіндік береді”, — делінген прокуратура хабарламасында.

Фото: pixnio.com

  • Related Posts

    Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

    Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

    Толығырақ

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды