Маңғыстау облысында жол апаты болып, 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды +7.kz.
Ішінде жолаушылары бар Toyota Hiace микроавтобусы жол жиегіне аударылды. 10 адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.
Апат 11 қыркүйекте Қарақия ауданының Сенек ауылынан шамамен 90 километр жерде болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші басқаруды бақылай алмай, көлік жолдан шығып кеткен.
Салонында жолаушылар болған. Сегіз адам сол жерде қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Жүргізуші мен екі жолаушы қазір ауруханада жатыр.
Маңғыстау облыстық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, барлық жағдайларды анықтап жатыр. Сараптамалар тағайындалды.
”Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз”, — делінген Маңғыстау облыстық полиция басқармасының ресми хабарламасында.
Фото: Depositphotos.com
Посмотреть эту публикацию в Instagram








