Анарбеков “Қайрат” пен “Реал” арасындағы матчқа қатыспайды

18 жастағы “Қайрат” қақпашысы Шерхан Қалмырза алдағы Чемпиондар лигасы матчтарында Темірлан Анарбековтің орнын басуы мүмкін, деп хабарлайды +7.kz.

Кеше өткен “Қайрат” пен “Ақтөбе” арасындағы ойында алматылықтардың 21 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатына байланысты ойынның 13-ші минутында алаңнан кетуге мәжбүр болды.

“Алдын ала диагноз: төменгі жақ сүйегінің сынуы. Өкінішке қарай, Темірлан алдағы матчтарға қатыса алмайды”, – деп мәлімдеді “Қайрат”  баспасөз қызметі Vesti.kz тілшісіне.

Енді негізгі қақпашы орнын алдағы матчтарда, Шерхан Қалмырза иеленуі ықтимал, өйткені Александр Заруцкий “Селтикке” қарсы өткен ойында алған жарақатынан әлі айыққан жоқ. БАҚ дерегінше, қақпашы алаңға қазан айында оралады.

УЕФА сайтындағы “Қайрат” құрамында Шерхан Қалмырзадан бөлек, қақпашылар Ілдар Мендығалиев (19 жаста) пен Диас Реимов (18 жаста) бар.

Келесі матчта “Қайрат” Лиссабонның “Спортинг” клубымен Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алғашқы турында кездеседі.

Ойын Португалияның Лиссабон қаласындағы “Жозе Алваладе” стадионында Қазақстан уақытымен 18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні сағат 00:00-де өтеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от +7.kz (@plus7.kz)

  • Related Posts

    Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

    Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

    Толығырақ

    Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

    2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 129 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 60 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды