Астанадағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында танымал блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты іс қаралып жатыр, деп хабарлайды +7.kz.
Сот процесі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 445-1-бабы, 6-бөлігі бойынша судья Ақерке Бектұрғанованың қарауымен өтіп жатыр. Аталған іс блогердің заңсыз лотерея қызметіне қатысы бар деген күдікке байланысты қозғалған.
Сонымен қатар бүгін түстен кейін Төлегенованың жұбайы – блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты сот отырысы өтеді.
Сот отырыстары ашық форматта өтіп жатыр. Осы іске қатысты алғашқы тындау 5 қыркүйекте өткен болатын.
Еске салсақ, туризм және спорт министрлігінің құмар ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Жанабыловтар өткізген ұтысқа шағым түскеннен кейін тексеріс бастаған.
Комитеттің мәліметінше, блогерлердің парақшасынан белгілі болғандай ақша, он автомобиль және өзге де құнды сыйлықтар ұтыстары жүйелі түрде өткізіліп, жеңімпаздарға төлем жасалған. Ал заң бойынша лотерея операторы емес тұлғаларға лотерея өткізуге тыйым салынады.
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева








