“Қайрат” пен “Реал” матчына билет бағасы белгілі болды

UEFA Чемпиондар лигасының Алматыда өтетін  “Қайрат” — “Реал Мадрид” матчына билеттер сатылымы 23 қыркүйек басталады, деп хабарлайды +7.kz.

Билет сатылымы жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00–де ашылады.

Ережеге сәйкес, бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды, билет алған кезде жеке куәлік немесе төлқұжат деректері көрсетілуі қажет. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі.

Билеттерді Ticketon платформасында, FCKAIRAT.COM сайтында және Qairat Superapp қосымшасында сатып алуға болады.

Әрбір матчқа билеттің бағасы — 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін болады.

“Билеттердің бағасы УЕФА-мен келісілген және барлық ойынға бірыңғай болып белгіленген билеттің бағасы 30 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін болады. Баға саясаты турнир талаптарына және Чемпиондар лигасы матчтарын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесіне сәйкес келеді”, — деп хабарлады “Қайрат” ФК.

Сонымен қатар, абонемент иелеріне өз орындарын алдын ала және тиімді бағаға сатып алатын мүмкіндік беріледі. Оларға сатылым басталғанға дейін алдын ала хабарласып, толық ақпарат беріледі.

Билеттердің бір бөлігі дәстүрлі түрде бекітілген әлеуметтік және клуб квоталары аясында бөлінеді. Олар “Қайрат” Академиясының және клуб филиалдарының бапкерлері мен тәрбиеленушілеріне, паралимпиадалық спорт түрлерінің спортшыларына, сондай-ақ клубтың қызметкерлері мен ардагерлеріне беріледі.

Фото: “Кайрат” ФК

  • Related Posts

    Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

    Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

    Толығырақ

    Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

    2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 64 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 129 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 60 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды