Алматы маңында қоқыс полигонындағы өрт үш күннен бері сөндіріліп жатыр

Алматы облысындағы қоқыс полигонында өртті сөндіру жұмыстары үш тәулік бойы жалғасуда, деп хабарлайды +7.kz.

Оқиға орнына ТЖД өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев келді. Жағдайды бақылау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін жедел штаб құрылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Өртті ауыздықтауға Алматы, Шымкент, Абай, Жетісу, Қарағанды, Түркістан және Жамбыл облыстарының ТЖД күштері мен техникалары, сондай-ақ ТЖМ-ге қарасты 52859 әскери бөлімі (Мартбек Мамраев атындағы) мен 68303 әскери бөлімі (Қасым Қайсенов атындағы) әскери қызметшілері жұмылдырылды. Барлығы 200-ден астам жеке құрам және 90-нан астам техника жұмыс істеп жатыр.

“Күндіз-түні құтқарушылар ошақтарды инертті материалдармен толтырып, топырақты тығыздау жұмыстарын жүргізуде. Бұл әдіс оттың бықсуын оттегінің қолжетімділігін толығымен жауып, өрттің түпкілікті жойылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, делінген ресми хабарламада.

Өрт сөндіру алаңына су Теренқара өзенінен үздіксіз жеткізіліп жетыр. Ол үшін арнайы сорғы көлігі арқылы магистральдық желі тартылған. Дегенмен, өртті сөндіру өрт жүктемесімен, 10 метр тереңдіктегі бықсумен және жел бағытының өзгеруімен күрделенуде.

Фото: ТЖД

  • Related Posts

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

    Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 65 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды