Мәжіліс дау тудырған депутат Ардақ Назаровтың пленарлық отырыста анасын туған күнімен құттықтауына қатысты түсініктеме берілді, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.
Мәжілістің төменгі палатасында Назаровтың әрекетінен регламент пен депутаттық әдеп ережелерін бұзу белгілері табылмағанын айтты.
“2025 жылғы 10 қыркүйекте депутат Назаров А.К. депутаттық сауалын жариялау барысында анасын құттықтағанына қатысты айтар болсақ, оның іс-әрекетінен Парламент пен Мәжіліс регламенті нормаларының, соның ішінде депутаттық әдеп ережелерінің тікелей бұзылуы байқалмайды”, – делінген ресми жауапта.
Мәжіліс өкілдерінің айтуынша, бұл құттықтау “пленарлық отырыстың барысына әсер еткен жоқ”.
Еске салайық, 10 қыркүйекте депутат Ардақ Назаров мәжілістің пленарлық отырысының тікелей эфирінде анасын туған күнімен құттықтады. Кейбір қазақстандықтар депутаттың әрекетін қолдаса, енді бірі қатты сынға алды.
Фото: Видеодан скрин








