Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде “Қайрат”ФК “Спортингтен” 4:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды +7.kz.
“Спортинг” ойыншысы Франсиску Тринкан 44-минутта есеп ашты. Бірінші кезеңнен кейін алматылық клуб қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді. Артынша 65, 67, 68 – минуттарда “Спортинг” тағы да гол салды. Ал Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алматылық команданың алғашқы голын 86-минутта Эдмилсон соқты.
Кездесу барысында “Қайрат” ФК тарабынан алғашқы минуттан Қалмырза, Мата, Касаболат, Жоржиньо, Сәтпаев, Мартынович, Арад, Тапалов, Мрынский, Громыко, Сорокин қосылды.
Қақпашы Шерхан Қалмұрза ресми түрде UEFA Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашылар үздігіне енді. Шерхан ойынның 21-минутында портгулаиялық клубтан Мортен Юльман тепкен допты кейін қайтарса, одан кейін де бірнеше соққыға тосқауыл қойды.
“Қайрат” ФК енді “Реал Мадрид” (Испания), “Интер” (Италия), “Арсенал” (Англия), “Брюгге” (Бельгия), “Спортинг” (Португалия), “Олимпиакос” (Грекия), “Пафос” (Кипр), “Копенгаген” (Дания) клубтарымен ойнайды.
Фото: uefa.com








