Жамбыл облысында фельдшерді балағаттағаны үшін ел адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды +7.kz.
Бұл туралы Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ер адам мас күйінде болған.
“Фельдшердің жұмысына қанағаттанбаған азамат балағат сөздер айтып, дәрі-дәрмек пен құралдарға арналған сөмкесін тепті. Пациенттің әрекетінен қорыққан медицина қызметкері полиция шақырған, олар әкімшілік хаттама толтырды”, – деді сотта.
Ер адам істеген ісіне өкінетінін айтты. Ол кінәсін толық мойындап, қатты жазаламауды өтінді.
Сот оны кінәлі деп танып, 82 мың теңге көлемінде айыппұл салды.
Фото: depositphotos.com








