Бірнеше жерде жұмыс істеуге шектеу: Министрлік түсіндірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірнеше жерде жұмыс істеуге тыйым салынды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды +7.kz.

Ведомствоның мәліметінше, еңбек кодексіне сәйкес, ел азаматтары бір уақытта бірнеше жерде және әртүрлі жұмыс берушілерде еңбек ете алады. Дегенмен белгілі бір шектеулер сақталуы тиіс: негізгі жұмыста – 8 сағаттан, қосымша жұмыста – 4 сағаттан аспау керек, яғни барлығы 12 сағаттан көп болмауы тиіс.

Сонымен қатар қосымша жұмыста істейтіндер негізгі және қосымша жұмыстағы еңбек демалысын бір уақытта алуы қажет.

“Егер қосымша жұмыстағы ақылы жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы негізгі жұмыстағы демалыс ұзақтығынан қысқа болса, жұмыс беруші қызметкердің өтініші бойынша айырмашылық күндеріне жалақы сақталмайтын демалыс береді”, деп қосты министрлік.

Мемлекеттік қызметкерлерге, сондай-ақ зиянды немесе қауіпті жағдайда жұмыс істейтіндерге қосымша еңбек етуге тыйым салынады.

Кеше мәжіліс кулуарында еңбек вице-министрі Олжас Анафин ведомство жұмыс берушілердің еңбек шарттары бойынша деректерді Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне (БЕШЕАЖ) енгізуін бақылап отырғанын айтты.

“Мониторингтің басты мақсаты азаматтардың еңбек қатынастарын заңдастыру және олардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету”, деп хабарлады министрлік.

Кандидаттың электрондық жеке ісіне қол жеткізу арқылы жұмыс беруші оның жеке куәлігі, білімі туралы дипломы, еңбек қызметі, тәжірибесі мен біліктілігі жөніндегі нақты деректерді ала алады.

Фото: depositphotos.com

  • Related Posts

    Оңтүстік Корея Қазақстаннан мұнай алу туралы келіссөздер жүргізбек

    Оңтүстік Корея Ормуз бұғазындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты мұнай жеткізілімін әртараптандыруға кірісті. Осы мақсатта ел президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун…

    Толығырақ

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 65 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды