АҚШ-тан Алматыға пошта арқылы есірткі жеткізілген

АҚШ-тан Алматыға пошта арқылы есірткі жеткізілген, деп хабарлайды +7.kz.

Алматы қаласының Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері АҚШ-тан келген халықаралық пошта сәлемдемесінің жолын кесті.

Сәлемдеменің ішінен өсімдік тектес есірткі затының айтарлықтай мөлшері табылған.

“Полиция қызметкерлері тыйым салынған заттардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында жедел және арнайы іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Бұл-жалғыз жағдай емес, мұндай деректер бұған дейін де тіркелген. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырамыз. Заң барлығына бірдей, мұндай әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы – жұмысымыздың басты қағидаларының бірі”, — деді есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Фото: Алматы полициясы

  • Related Posts

    Қазақстанда жертөлелер мен автотұрақтар паналау орны болады

    Қазақстанда халықты паналау орындарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілді. Жаңа стандарт жертөлелерді, жерасты паркингтерін және басқа да жер асты кеңістіктерін…

    Толығырақ

    Алматыда белгілі әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы өлі күйінде табылды

    Алматыда белгілі қазақстандық әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаевтың денесі табылды, деп хабарлайды…

    Толығырақ

    Пікір қалдыру

    Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

    Редакция таңдауы

    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    • 2 сәуір, 12:39
    • 43 views
    Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    • 25 желтоқсан, 14:43
    • 65 views
    Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    • 18 желтоқсан, 13:58
    • 130 views
    Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    • 17 қараша, 14:18
    • 62 views
    Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    • 11 қараша, 18:23
    • 57 views
    Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

    • 13 қазан, 13:30
    • 98 views
    Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды