“Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы ойындары Астанада өтуі мүмкін

Алматылық “Қайрат” футбол клубы Чемпиондар лигасындағы ойындарға арналған қосалқы стадион ретінде елордадағы “Астана Арена” стадионын таңдады, деп хабарлайды +7.kz.

Vesti.kz басылымының мәліметінше, клуб Чемпиондар лигасындағы өз алаңындағы барлық ойындарын Алматыдағы Орталық стадионда өткізуді жоспарлап отыр. Алайда қысқы ойындардың Астанаға ауысу ықтималдығы бар.

“Ойындарды Астанада өткізу “Олимпиакос” пен “Брюгге” командаларына қарсы матчтарда қарастырылуда. Себебі Алматыда желтоқсан мен қаңтар айларында ойын өткізуге қолайсыз жағдайлар, әсіресе ауа температурасының төмендігі байқалуы мүмкін. “Орталық” стадионнан бөлек, “Қайрат” клубы қосалқы арена ретінде “Астана Арена” стадионын мәлімдеген. Демек, “Брюгге” және “Олимпиакос” клубтарына қарсы қысқы ойындардың елордада өтуі де ықтимал”, – деп жазады басылым.

Айта кетейік, УЕФА регламентіне сәйкес, Чемпиондар лигасы матчтарының кейінге қалдырылуына немесе өтпей қалуына себеп ретінде ауа температурасының төмендігі қарастырылады. Ұйым ойындарды -15 градусқа дейінгі температурада өткізуге рұқсат береді, ал одан төмен болған жағдайда шешімді төреші мен командалардың басшылығы қабылдайды.

Еске салсақ, алматылық “Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы өз алаңындағы ойындары: 30 қыркүйек (“Реал Мадрид”), 21 қазан (“Пафос”), 9 желтоқсан (“Олимпиакос”) және 20 қаңтар (“Брюгге”) күндеріне жоспарланған. Қыркүйек пен қазандағы кездесулерге Алматының климаты кедергі келтірмейді, алайда қыста ауа температурасы айтарлықтай төмен болуы мүмкін.

Related Posts

Тоқаев ШҚО әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады, деп хабарлайды +7.kz ақпарат агенттігі. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін…

Толығырақ

Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға үкім шықты

2026 жылғы 3 сәуірде Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотта Жақсылық Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды+7.kz ақпарат агенттігі….

Толығырақ

Пікір қалдыру

Сіздің поштаңыз құпия сақталады.

Редакция таңдауы

Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

  • 2 сәуір, 12:39
  • 43 views
Қазақстанда жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

  • 25 желтоқсан, 14:43
  • 64 views
Ақтауда AZAL ұшағының апатынан бір жыл: Толық хроника

Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

  • 18 желтоқсан, 13:58
  • 129 views
Мәскеу маңында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасаған: Оқиғаның хронологиясы

Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

  • 17 қараша, 14:18
  • 60 views
Мысырда демалу қымбаттамақ: Туристерге жаңа ереже енгізіледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

  • 11 қараша, 18:23
  • 57 views
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды

Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды

  • 13 қазан, 13:30
  • 98 views
Атысты тоқтату туралы келісімнен кейін Трамп Израильге барды