Алматы облысы Іле ауданының Кенен Әзірбаев ауылында үш жеке үй өртеніп, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды +7.kz.
ТЖД дерегінше, оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды. Тағы бір адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.
Өрт туралы хабар кешігіп түскендіктен, тілсіз жау жылдам тарап, аумағы 448 шаршы метрге дейін ұлғайып кеткен. Өрт сөндіру кезінде төрт газ баллоны сыртқа шығарылды.
“Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ашық жалын байқалды. Өртті сөндіру жұмыстары жоғары температураға, қатты түтінге және қаңқалы-қамысты үйдің ерекшеліктеріне байланысты қиын болды”, – деп мәлімдеді ТЖД.
Үйлердің тығыз салынуы өрттің тез таралуына әсер еткен.
Өртті сөндіруге 18 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмылдырылды.
Фото: ТЖД








